Астананың ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына ескету жасады
Ауа-райының өзгеруіне, атап айтқанда боран мен желдің күшеюіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды және қырағы болуды, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, Астана қаласында 09 ақпанда боран, көктайғақ, оңтүстік-батыс, батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 08 ақпан кешке, түнде және 09 ақпанда таңертең 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.
08 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша екпінді желге байланысты, төменгі боран, көрінуді шектеу көлік құралдарының барлық түрлері үшін Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды.
Дауылды жел кезеңінде, ең алдымен, электр желілері мен жабдықтардың, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет.
Пәтердегі электр желісінің кернеуі жоғарылаған кезде, барлық тұрмыстық техниканы дереу розеткадан ажыратыңыз, сіз болмаған кезде кенеттен электр қуаты қосулы кезде өрт болмауы үшін розетканы босатыңыз.
Сондай-ақ жеке көліктерді ағаштар мен ескі ғимараттардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені мықтап жабу ұсынылады. Егер көшеде қатты жел соқса, қауіпсіз үй-жайларда жасырынуды ұсынамыз.Балаларды сыртқа шығармауға тырысыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз де шықпаңыз. Егер мұндай қажеттілік туындаса, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қайда бара жатқаныңызды және қашан оралғаныңызды айтыңыз.
Жалғыз шықпауға тырысыңыз. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз, - делінген ТЖД хабарламасында.