Астананың төрт ауданында электр жарығы уақытша сөндіріледі
Мекенжайлар тізімі жарияланды.
27 қараша, жұма күні Астананың төрт ауданында электр энергиясы уақытша өшіріледі. Кейбір үйлерде жарық шамамен жарты сағат болмаса, енді бір мекенжайларда жұмыс күні бойы электр қуаты берілмеуі мүмкін. Жоспарлы жұмыстар электр желілерін техникалық тексеру, жабдықтарды бақылау және ағаш бұтақтарын кесуге байланысты жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Астана-РЭК» АҚ-ға сілтеме жасап.
Есіл ауданы
Сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Тұран даңғылындағы Grand Turan Comfort тұрғын үй кешенінің мына мекенжайларында электр жарығы болмайды: 41а, 41/1, 43, 43а, 43б, 43в, 43/1 және 43/3.
Ал сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін мына мекенжайларда электр қуаты уақытша өшіріледі:
- Panorama Park тұрғын үй кешені – Ұлы Дала көшесі, 41, 41а, 41б, 41в, 41/3, 41/4;
- «Шабыт» тұрғын үй кешені – Тұран даңғылы, 44/2;
- «Жыл мезгілдері. Жаз» тұрғын үй кешені – Қабанбай батыр даңғылы, 48б, 48/5, 48/7, 48/8, 48/9;
- Сауран көшесі, 15/4.
Бұл мекенжайларда мамандар резервтік электрмен жабдықтау жүйелері мен дизель-генератор қондырғыларын тексереді.
Сарыарқа ауданы
Сарыарқа ауданында электр жарығын өшіру жұмыстары бірнеше мекенжайда жүргізіледі.
- Сағат 08:30-дан 11:30-ға дейін Республика даңғылы, 47 мекенжайында жарық болмайды.
- Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Берел, Сарыбұлақ, Бекетай, Сеченов, Мәскеу көшелерінде және Катченко тұйық көшесінде электр қуаты өшіріледі.
Бұл аумақта энергетиктер кабель желілерін қосу және электр беру желілерін көшіру жұмыстарын жүргізеді.
Нұра ауданы
Күлтегін көшесі, 1 мекенжайында электр жарығы екі рет өшіріледі: сағат 08:30-дан 09:00-ге дейін және 11:30-дан 12:00-ге дейін. Мұнда монтаж жұмыстары жүргізіледі.
Алматы ауданы
Сағат 13:30-дан 16:30-ға дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының кейбір көшелерінде электр қуаты болмайды. Атап айтқанда, Сарын, Тайқазан, Көкжелек, Өзбекәлі Жәнібек, Қобыз, Бесшалқар көшелері мен Сарыағаш тұйық көшесі қамтылады.
Электр жарығын өшіруге электр желілерінің маңындағы ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары себеп болып отыр.
Электр қуатының өшуіне қатысты ақпаратты нақтылау немесе жұмыс аяқталғаннан кейін жарық берілмегені туралы хабарлау үшін 109 нөміріне немесе @ikomek109_astanabot Telegram-ботына жүгінуге болады.