Астананың шетінде қураған шөп өртенді

Астана қаласы Сарыарқа ауданының саяжай массивінде қу шөп тұтанып, шамамен 1 гектар аумақты жалын шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенін мәлім етті.

Сағат 16.14-те Астана төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері кезекті шақыртуға шықты. Бұл жолы Қорғалжың тасжолының бойында, Көктал-1 тұрғын алабы бағытында түтін шыққаны туралы дабыл түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, қу шөптен тұтанға өрт бұтаны шалғанын, алдын ала есеп бойынша 1 гектар аумаққа жайылғанын анықтады, - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департаменттің дерегінше, қазір ол жерде өрт сөндіру жасақтары мен қала әкімдігіне тиесілі су шашатын көліктер жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы