21 Маусым 2026, 11:52 Фото: pixabay.com

Астананың қақ ортасында өрт шықты

Сарыарқа ауданында қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар өртеніп, өрт оқшауланды.

Астананың Сарыарқа ауданындағы Кенжин көшесінде жиналып қалған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар өртенді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ашық жалын мен қою қара түтін байқалған.

Құтқарушылар бірден өрт сөндіру оқпандарын іске қосып, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Су үздіксіз беріліп отырды.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өрт оқшауланды.