26 Мамыр 2024 2024, 22:14 Фото: видеодан кадр

Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында 20 аула су астында қалды

Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастыруда.