28 Қараша 2026, 11:14
Фото: istockphoto.com
Астананың бірқатар ауданында жарық уақытша сөндіріледі
Электр жарығы сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін бірқатар мекенжайда болмайды.
Астанада бірнеше тұрғын алабы, елді мекен және жекелеген көшелерде электр энергиясы уақытша сөндіріледі. Шектеулер 35 «Интернациональный» қосалқы стансасына 10 кВ кабель желісін қосу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
iKomek109 мәліметінше, электр жарығы сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін өшіріледі.
Электр қуаты уақытша берілмейтін мекенжайлар тізіміне мыналар енген:
- Алтындала: Көксай 2/1, 84, 85, 85/1, 85/2, 86, 86/2;
- Жағажай: 1а, 82, 84, 55;
- Қаражал;
- Армандастар 2/3;
- Ашутас;
- Майлыкент;
- Жылыбұлақ;
- Сүткент;
- Егінді;
- 135-көше;
- Көкжиде;
- Болғанбаев;
- Гольф-клуб;
- Қызылсуат кенті.
Аталған мекенжайлардың тұрғындарына электр энергиясының уақытша өшірілетінін алдын ала ескеріп, электр құрылғыларын пайдалануды соған сәйкес жоспарлау ұсынылады.