Астананың бірқатар ауданында жарық сөніп қалды

Ел астанасының бірқатар ауданында жарық сөніп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ВЛ-110кВ шеңберінде апатқа байланысты жарық сөндірілді. Апаттың себеп-салдары нақтыланып жатыр, - деп хабарлады «Астана – өңірлік электр компаниясы» мекемесінен.

Коммуналдық қызметтер жүйесі апаттың салдарын анықтаумен айналысып жатыр.

Елордада желідегі апат салдарынан бірқатар тұрғын үй элетр қуаты мен байланыссыз қалды. Оқиға орнында коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр, - деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «Астана – 2» жылу электр орталығындағы қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты төмендеп кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы