23 Қараша 2026, 09:09 Фото: BAQ.KZ/жасанды интеллект

Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу уақытша өшіріледі

23 қарашада Астананың бірнеше үйінде жарық, су және жылу уақытша өшіріледі. Қай көшелер мен үйлер коммуналдық шектеуге тап болады?

23 қараша, дүйсенбі күні Астананың бірнеше тұрғын үйінде коммуналдық қызметтер уақытша тоқтатылады. Бұл туралы iKOMEK 109 хабарлады.

Алтын сақа көшесіндегі №11, 16, 18, 19, 20 және 22 үйлерде сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін электр жарығы болмайды. Бұған ағаштарды бұтау жұмыстары себеп.

Е-127 көшесіндегі №27 және 27А үйлерде сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін су беру тоқтатылады.

Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлы көшесі, 18-үйде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін ыстық су мен жылу өшіріледі.