Астананың автотұрақ кеңістігінде жеңілдіктердің жаңа тәртібі бекітілді

Жеңілдікті үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады, ол үшін сайтта арнайы өтінім  түрін толтыру қажет. Жеңілдік санаттары бар азаматтар астанадағы барлық ақылы аймақтардағы автотұрақтарды пайдалана алады - тіркеу жүйесі рәсімделген жеңілдік түрін автоматты түрде анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Өтініш беру үшін astanapark.kz сайтында тіркелу қажет. Жеңілдік санаттарының тізбесі мен өтінім үлгісі «жеңілдіктер» бөлімінде орналастырылған. Оң шешім қабылданған жағдайда берілген жеңілдік жеке кабинеттегі терезеде көрсетілетін болады», - деп хабарлады «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС.

Жеңілдікті рәсімдеу үшін төрт құжат қажет:

1. Толтырылған өтініш

2. Жеке куәлік

3. Техникалық төлқұжат

4. Жеңілдік құқығын растайтын бенефициардың құжаты.

Жеңілдік санаты бар көлік иесі ғана, тегін тұраққа рұқсат ала алады.

Ақылы автотұрақтар әкімдік бекіткен ережелерге сәйкес жұмыс істейді. Ақылы тұраққа арналған орындар Астана қаласының меншігінде болады. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды.

Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тұрақтар тегін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы