Астананың 7 көшесіне Bus Lane жолақтарын енгізу жоспарлануда
Астананың 7 көшесінде жалпы ұзындығы 58,6 км Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS сілтеме жасап.
Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел даңғ., Тұран даңғ., Тәуелсіздік даңғ., Керей Жәнібек хандар к., Ұлы Дала даңғ., Р. Қошқарбаев даңғ., Ш. Айтматов к. пайда болады.
Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз.
Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін.
Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді.
Bus Lane жобасы алғаш рет Астана қаласында 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілді: Момышұлы даңғ. Абылай хан даңғ. Сарайшық к. дейін және Бөгенбай батыр даңғ. Уәлиханов к. Сарыарқа даңғ. дейінгі аралықта.
Қазір қалада автобустар үшін жолақтардың жалпы ұзындығы 100,5 км құрайды және 27 жол бөлігінде енгізілген.