Астананың 25 жылдығы құрметіне 100 теңгелік монета шығарылды
Қазақстан Ұлттық банкі 2023 жылғы 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Монеталар 2023 жылғы 3 шілдеден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталары туралы
ASTANA. 25 JYL монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 (жиырма мың) дана.
Коллекциялық монеталар елдің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы