21 Тамыз 2026, 23:45
Фото: Ақорда
Астананың 2035 жылға дейінгі Бас жоспары жаңартылды
Жоспарды әзірлеу кезінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтың қазіргі пайдаланылуы, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жағдайы ескерілген.
Астананың жаңа Бас жоспарына сәйкес, қала аумағын дамыту үшін ескі және апатты үйлер, саяжайлар, гараждар мен аз қабатты нысандардың бір бөлігі сүріледі. Жалпы көлемі 1 млн 713 мың шаршы метр тұрғын үй қорын бұзу жоспарланған. Оның 95 пайызы жеке үйлер екен. Жоспарға сәйкес, алдағы 9 жылда елорда халқының саны 2 миллионнан асады деп күтілуде.
Бекітілген бекітілген бас жоспарындағы халық санынан өзгерген жоқ 2 миллион 275 мың адамға есептелген. Қаланың аумағы өзгермеген. 2035 жылға дейін адам саны 2 миллион 275 мыңға жетеді деп есептейміз, – деді Гүлдана Әбіш.