Астананы не үшін жақсы көреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұрақты елордалықтарға өзге қала тұрғындары жиі қояды. Сондықтан қала күніне орай, оның жауабын ел астанасында тұратын қос кейіпкерімізден сұрауды жөн көрдік. 

Бірі бұрынғы Целиноград қаласында туып, студенттік шағын да сол қалада өткеріп, қазіргі Нұр-Сұлтанда ғұмыр кешіп жатқан мұғалім Гүлім Досмағанбетова. 

Бірі Алматыдағы табысты жұмысын тастап, тура 10 жыл бұрын сол кездегі Астанаға арман қуып келген радиожүргізуші Майра Төлепберген.  

Төмендегі бейнематериалда Гүлім Досмағанбетова осыдан елу жылға жуық уақыт бұрын қазіргі елордамыздың келбеті қандай болғанын айтып береді. Ал Майра Төлепберген астанаға көшіп келген кездегі сезімімен бөлісіп, қаланың өзі үшін құндылығы неде екенін әңгімелейді. 

Бастысы, қала тұрғындары ел астанасын не үшін жақсы көріп, сағынатынын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы