Астананы газдандыру биыл толық аяқталады
Срңғы бес жылда елордада 18,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір адамға 33 шаршы метрге жеткен.
Елордада тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жұмыстары жалғасып, инженерлік желілерді дамыту және елді мекендерді табиғи газға қосу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева айтты.
Қазір елордаданы газдандыру қарқынды жүргізіліп жатыр. Шұбар, Телман және ішінара Үркер елді мекендері табиғи газға қосылды. Нәтижесінде 300 мыңның 290 мың тұрғыны газға қол жеткізіп, қамту деңгейі 95 пайыз болды. Елордада газдандыру жұмыстарын биыл толық аяқтау жоспарланып отыр, - деді басқарма басшысы.
Сонымен бірге ол соңғы бес жылда елордада 18,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір адамға 33 шаршы метрге жеткенін де атап өтті.