Астананы дамытуға арналған екі құжат әзірленіп жатыр - Сұлтанов
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде қаланы дамытуға арналған екі құжат әзірленіп жатқанын айтты.
«Астана – ерекше қала және оны кешеден де жақсы болуы үшін барлық күш-қуатымызды жұмсауымыз керек. Бұрынғы Қаржы министрі ретінде есепті дәстүрлі құрғақ сандардан бастауға болар еді, бірақ қала мен оның экономикасы бұл ең алдымен – адамдар», - деді Сұлтанов.
Қала әкімі Астананы дамытуға арналған екі құжатты әзірлеуге кірісткенін айтты.
«Бірінші – 2050 жылға дейінгі Астана қаласын дамыту стратегиясы, екінші – қаланы дамыту мастер-жоспары. Алғашқы құджат қайда бара жатқанымыздың көрінісі, ал екіншісі қайда жететініміз туралы егжей-тегжейлі жоспар», - деді елорда басшысы.
Еске сала кетсек, Сұлтанов Астанадағы көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі қалай шешілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүрген отбасылардың мәселесі де назардан тыс қалмайтынын жеткізген болатын.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы