Астаналықтарға 9 мың теңгеден берілетін болды

Қазақстанда 1 қазан - Қарттар күні. Елордада шамамен 127 мың қарт адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарттар күніне орай ата-әжелерімізге 2,5 АЕК (9 230 теңге) көлемінде біржолғы ақшалай төлем беріледі. Оны 107 мың елордалық алады. Оған шамамен 989,2 млн теңге жұмсалады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, бұл көмекті басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу, мүгедектік, көпбалалылық және заңнамада белгіленген басқа да негіздер бойынша мемлекеттен төлем алмаған зейнеткерлерге беріледі.

Төлемдер екі кезеңде жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, оның бір бөлігі қыркүйектің соңында, бір бөлігі қазанның басында аударылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы