Астаналықтардың өмірінде бүгіннен бастап не өзгереді?
Астанада бірнеше мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар 15 қыркүйектен, яғни бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл өзгерістер қаланың орталық бөлігіндегі жол кептелістерін азайту мақсатында енгізіліп отыр.
Не өзгереді?
- Қалалық коммуналдық қызметтер жұмысын таңғы 07:30-да бастайды;
- Астана әкімдігі де 07:30-да жұмысқа кіріседі;
- Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысын 07:30–08:00 аралығында бастайды.
Жұмыс уақыты ерте басталғандықтан, аяқталу уақыты да сәйкесінше ерте болады.
Кімнің жұмыс кестесі өзгермейді?
Жеке сектор, бизнес нысандары, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа да әлеуметтік мекемелердің жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл шаралар таңғы және кешкі қарбалас уақытта көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған.
Сонымен қатар жол қозғалысына кедергі келтіретін көліктерге қатысты бақылау күшейеді. Тұрақ ережесін бұзған автокөліктер айып тұрағына эвакуацияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп: Ресей, АҚШ және Украина саммиті жақын арада өтуі мүмкін
Өзгелердің жаңалығы