Астаналықтарды 90 млн теңнене алдап кеткен алаяқ ұсталды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол облысы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы