Астаналықтар тұрғын үй кезегіне тек онлайн ғана тұра алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚО) бұдан былай тұрғын үйге кезекке қоюға өтінімді қабылдамайды және енді кезекке қою тек электронды түрде портал арқылы жүргізілетін болады.

Портал арқылы кезекке қою үшін www.egov.kz тек ЭЦҚ қажет. Кірістер, адрестік тіркеу, санатқа жататындар туралы барлық басқа деректерді база өзі көреді.

Естеріңізге сала кетейік, кім тұрғын үй кезегіне тұра алады.

Азаматтардың қандай санаттары кезекке тұра алады?

• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

• халықтың әлеуметтік осал топтары;

• көпбалалы отбасылар;

• мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;

• жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдай деп танылған азаматтар.

Халықтың әлеуметтік осал топтары дегеніміз кім?

• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

• мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

• кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар:

• қарт азаматтар;

• жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

• көпбалалы отбасылар;

• толық емес отбасылар;

• I және II топтағы мүгедектер;

• оралмандар;

• экологиялық зілзала, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан үйінен айырылған адамдар;

• мемлекеттік міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін құжаттарды қайда тапсыру керек?

ЭЦҚ көмегімен www.egov.kz порталы арқылы электронды түрде.

Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?

Тек ЭЦҚ.

Маңызды!

Елорда  әкімдігі «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезекке тұру үшін кемінде үш жыл тұрақты мекен-жай тіркеу болуы қажет.

Сізде және сіздің отбасыңыздың мүшелерінде кезекке тұрған сәтте және соңғы 5 жылда ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үй мүлкі болмауы тиіс.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы