Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр

Елорда тұрғындары бүгін Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған, қаза тапқандар бар.

Астаналықтар Әзербайжан халқымен бірге қайғырып, қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын қойып жатыр.

Елшіліктің алдында 50-ден астам адам жиналды.

Өте ауыр жағдай. Біз мұндай қиын сәтте қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтамыз. Ақтауда тұратын диаспора өкілдерімен хабарластық. Олар барынша көмек қолын созып жатыр. Өз тарапымыздан көмектесуге әзірміз. Халқымызға қиын сәтте қолдағаны үшін рахмет айтамыз, – деді Әзербайжан диаспорасының өкілі Жаманшир Агаев.

Әзербайжан диаспора өкілі қаза болғандардың рухына Құран бағыштады. Әлі де адамдар легі тоқтаған жоқ.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы