Астаналықтар енді автобустың барлық есігінен мініп-түсе алады
Астанада жолаушылар автобустың барлық есігінен мініп-түсе алады. Бұл туралы CTS компаниясы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.тілшісі.
Бұған дейін тек алдыңғы есік арқылы кірген жолаушылар енді барлық есіктен мініп-түсе алады.
Биыл 1 ақпаннан бастап жолаушылар қоғамдық көліктің кез келген есігінен кіріп-шығуға құқылы. Үкіметтің 2007 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен бекітілген елордада жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесінің күші жойылғанын хабарлаймыз, – делінген хабарламада.
Жолаушыларды тасымалдаудың жаңа ережелеріне сәйкес, алдыңғы есік арқылы кіру талабы реттелмеген, яғни жолаушыларды отырғызу мен түсіру барлық есік арқылы іске асырылады.
Қазір бағдарлардағы аудио хабарламалар мен бейнероликтер өшіріліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Майқайыңдағы апат. Жаңа бөлшектер табылды
Өзгелердің жаңалығы