Астаналық зиялы қауым референдумда өз таңдауын жасады
Елордада жалпыұлттық референдумда қазақстандық ғылым мен мәдениет қайраткерлері дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Соның ішінде ақын Серікзат Дүйсенғазин, академик Кәрімбек Құрманалиев, сондай-ақ әдебиеттанушы және академик Дихан Қамзабекұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері де бар.
Академик Кәрімбек Құрманалиев жас және аға буын азаматтарының белсенді қатысуы азаматтық хабардарлықтың жоғары деңгейін айғақтайтынын атап өтті.
Біз таңертеңнен бастап адамдардың өз ұстанымдарын білдіруге асығып жатқанын көрдік, бұл өте қуанышты жағдай", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, таңғы сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы 4 тәсілмен онлайн біле алады:
- Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша
– "Smart Astana" мобильді қосымшасында "New" бөлімінде - "референдум учаскесін іздеу". Қолданбаны App Store немесе Google Play-ден жүктеп алыңыз.