Астаналық жолаушы ұшақ есігін ашып жіберген

Астана қаласында SCAT әуе компаниясының жолаушысы ұшқалы тұрған ұшақтан шығып кетпек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Ұшақ ішіндегі жолаушылардың айтуынша, ер адам өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, әуе кемесінің алдыңғы жағына өткен. Әуе кемесі ұшуға дайындалып жатқан сәтте ол есікті ашып жіберген.

Әлеуметтік желіде аталған оқиғаға қатысты оқырмандар "Фобиясы бар шығар. Тектен-текке олай жасамайды ғой", "Ұшақтың есігін ашып жіберсе, миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін", "Паникалық шабуыл кезінде адам өз әрекетіне жауап бере алмайды" деген секілді түрлі пікір жазып жатыр.

Әуе компаниясы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратпады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы