Астаналық зейнеткерлер тегін үйірмелерге қатыса алады
Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қала зейнеткерлерін белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін орталыққа шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қала зейнеткерлерін белсенді өмір салтын ұзарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін орталыққа шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, зейнеткерлер үшін жаттығу терапиясы, йога, Цигун тыныс алу жаттығуы, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапиясы, еңбек терапиясы, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал үйірмелері жұмыс істейді.
Орталық филиалдары Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде, Нұра ауданы бойынша Төлеби көшесі, 44-үйде орналасқан.
«Келіңіздер, тегін үйірмелерге жазылыңыздар! Денсаулық – байлықтан қымбат, сапалы өмірдің кепілі!» - делінген хабарламада.
Орталық дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат : 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
- Қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады? 13:12
- Үш сарқырама, мұздықтар мен тас көшкіні: Алматыдағы қауіпті шатқалдар қандай? 12:54
- Қазақстандағы инвесторлар мемлекеттік органдармен дауларды сотсыз шеше алады 12:36
- Түркістанда 60 мыңнан астам оқушыға 50 мың теңгеден көмек беріледі 12:35
- Сарапшы жастардың саяси белсенділігі туралы айтты 12:30
- 2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 12:20
- Алматы тауларында төтенше жағдайлар жиілеген: Бір күнде төрт құтқару операциясы жүргізілген 12:02