Астаналық ұстаз соттасып жүріп "мұғалім-модератор" санатын иеленді

Астана қаласының Білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын беруден бас тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарғы сот таратқан ақпаратқа сәйкес педагогтерді аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізілетіндігі негізге келтіріліп, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес арыз иесінің бес жылдық мұғалімдік өтілі болмаған. Бұл шешіммен келіспеген мұғалім қорғау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген. 

Істі қарау кезінде сот келесі жайтты анықтады. Педагогтерді аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті екі жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады. Талап қоюшының еңбек өтілін зерделеу оның екі жылдан астам мұғалімдік тәжірибесі бар екенін растады. Сот талап қоюшының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған. Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы