17 Ақпан 2025 2025, 15:50 Фото: Видеодан кадр

Астаналық тұрғын жолда дрифт жасағаны үшін қамалды

Астаналық тұрғын Триумф аркасы маңында дрифт жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астаналық тұрғын Триумф аркасы маңында дрифт жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында Toyota жүргізушісінің жолда маневр жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.  

Ол 20 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.