Астаналық такси жүргізушісі есірткіге мас күйі жолаушылар тасымалдаған
Бес жолаушының өміріне есірткіге масаю күйінде минивэн жүргізушісі қауіп төндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер ведомствосының телеграм арнасына сілтеме жасап.
Құқық бұзушы жолаушыларды тасымалдаумен айналысып, марихуананы пайдаланып кезекті рейсін жасаған. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады.
22 қаңтарда «Автобус» және «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс - шаралары аясында полиция қызметкерлері Жақсы – Есіл-Бұзылық автожолында Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруында Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында полицейлер жүргізуші танымал мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар жолға шығар алдында және жолда ер адам «марихуана» есірткі затын қолданған. Осылайша тоқтатқан кезде салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген.