Астаналық спортшылар Қытайда өткен турнирде бірнеше медаль жеңіп алды
17-22 қыркүйек аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында пара-каратэден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жарысқа 7 елден келген 30-ға жуық пара спортшы өзара сынға түскен.
Дүбірлі додада Астана қаласының төрт спортшысы «Ката» санаты бойынша ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, алтын медальді көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты бойынша өнер көрсеткен Ләззат Жүсіпова алса, екінші алтын жүлдені интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі спортшы Нұржайна Жаннетова иеленді. Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында бәсекеге түскен Дидар Мұхамеджанов күміс медальді еншіледі. Тағы бір спортшымыз Билялов Рустам (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты) айтулы доданы 5 орынмен аяқтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады
Өзгелердің жаңалығы