Астаналық полицияның рота командирі ұсталды

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге қастандық жасауға жәрдемдеседі деп күдіктенеді, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған. Ағымдағы жылдың 8 маусымында тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы