Астаналық полиция есірткі сақтаған екі қызды құрықтады

Тінту кезінде олардың бірінің күртешесінің қалтасынан 10 пластик пакет табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД қызметкерлерімен Республикалық "Дәрмек" жедел профилактикалық іс-шаралары барысында елордалық полицейлер тұрғын үй кешенінің кіреберісінде есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан 20 және 21 жастағы екі бойжеткенді анықтады. 

Тінту кезінде олардың бірінің күртешесінің қалтасынан 10 пластик пакет табылып, оның ішінде ақшыл түсті ұнтақты зат табылған.

Одан әрі тұрғылықты жері текесеру барысында арнайы ыдыста ақшыл түсті ұнтақты консистенциялы зат болғаны анықталған. Полиция сонымен қатар электронды таразыларды, бос қапшықтарды, электр таспасын және 150 колбаны тауып, тәркілеген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 52,6 грамм "мефедрон" есірткі заты болып шыққан.

Осы фактіге байланысты есірткіні заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Биылғы жылы 61 есірткі қылмысы тіркелді, оның 53-і есірткі сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты. Заңсыз айналымнан 16,5 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның 3 келі 400 грамы "синтетикалық есірткі", - дейді Астана қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуаныш Орынбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы