Астаналық полицейлер жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде полиция жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесе отырып, білім беру нысандары маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелерді бақылайды. Сондай-ақ студенттермен, мектеп оқушыларымен сабақ, дәріс арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Балаларды әлеуметтік желіні, түрлі-түсті графика мен бейнероликтерді пайдалана отырып, интерактивті түрде оқытуға баса назар аударылады.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары мектептерге іргелес аумақтар мен жол жиектерін қарқынды патрульдеуде, барлық мектептерде полиция жасақтары орналастырылған.

Астана қаласы Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Мектептер мен балабақшалардың жанында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте сақ болыңыз. Тұрғын ауданда жылдамдықты сақтау керек және тек жол бөлігіне ғана емес, сонымен қатар тротуарлар мен ойын алаңдарына да баса назар аудару керек, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы