Астаналық полицейлер жалған нөмірлі автокөліктерді анықтады
Астанада рейд кезінде полицейлер Toyota Camry және Volkswagen Polo автокөліктерін тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру кезінде Volkswagen жүргізушісі автокөлікке басқа көліктің тіркеу нөмірлерін орнатса, Toyota автокөлігінің иесі нөмірлік белгіні өзгерткені белгілі болған.
Екі құқық бұзушы да ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3, 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды .
Жүргізушілер әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Олардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.
Сонымен қатар Volkswagen Polo жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде сақтамайтыны анықталды, оның есебінде 20-дан астам жол қозғалысы бұзылғандығы да тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шахтадағы апат: 7 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы