Астаналық полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Астанада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасына көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блокпосттар қойылды. Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністік танытуларыңыз сұралады, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы