Астаналық палуан Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды
Ризабек Айтмұхан Бішкекте күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ризабек Айтмұхан 97 кг дейінгі салмақтың финалында Ахмед Тажудиновпен күш сынасты. Есеп: 2:4.
Ұлттық құраманың 19 жастағы палуаны осыған дейін күндізгі сессияда қырғызстандық Андрей Ароновты (6:0), сосын өзбекстандық Махсұд Вейсалов (11:0) пен үндістандық Викиге (13:0) ұпай бермей ұтты.
Бұл – Ризабек пен Ахмед арасындағы екінші белдесу. Бірнеше ай бұрын Антальядағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Бахрейн спортшысы басым түскен.
Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс медаль алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су басқан ауыл тұрғындарына қалай көмектесуге болады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы