Астаналық оқушыларға 88 мың теңгенің жұмысы ұсынылды
Елордалық оқушыларға жазғы каникул кезінде қоғамдық жұмыс ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек мобильділігі орталығы астаналық студенттер мен 16 жасқа толған оқушыларға жаз мезгілінде "Қоғамдық жұмыс" бағдарламасына қатысуды ұсынады.
Бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:
- жеке куәлік (түпнұсқа және екі көшірме);
- оқу орнынан баланың каникулда екенін растайтын анықтама (каникул кезеңін көрсету қажет);
- банкте есепшоттың ашылғаны жөнінде анықтама (түпнұсқа көшірмесімен бірге);
- Ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі (18 жасқа толмағандар үшін).
"Қоғамдық жұмыс" бағдарламасына қатысқысы келетіндер Бейбітшілік көшесі, 9-үй, бірінші қабат, №121, 130 кабинетке келуі керек. Байланыс телефондары - 8 (7172) 24-96-61. Оқушыларға 24 АЕК көлемінде (88 608 теңге) жалақы төленеді, - делінген хабарламада.