Астаналық оқушылардың демалысы екі аптаға ұзартылуы мүмкін
Астанада 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының өткізілуіне байланысты оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылы екі апта кеш басталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев осылай деді.
ОКҚ-да өткен брифингте журналистер көшпенділер ойынының өткізілуі мен оқу жылының басталуы бір уақытқа келетінін айтып, сауал жолдады.
Штабтардың бірінде оқу жылы басталғанда қаладағы трафик пен кептеліс мәселесі көтерілді. Қазір біз Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Мәселе мұнда. Оқиға екі бағытта өрбуі мүмкін. Осы қатардағы мектептерді, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы спорттық нысандарды онлайн форматқа ауыстырамыз. Бұл аумақта бір университет, төрт-бес мектеп, колледж және балабақшалар бар. Біз оларды онлайн оқуға ауыстырамыз немесе Астанада оқу жылының басталу уақытын кешеуілдетеміз, - деді вице-министр.
Осы мәселеге қатысты соңғы шешім келесі аптада қабылданады.
Бұл ретте спорттық шараның өткізілуін байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында жолды жабу жоспарланбаған көрінеді.
Бұған дейін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында жеңімпаздар қандай жүлде алатыны белгілі болды.