Астаналық оқушы – классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті. Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады, - деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылы әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында бозбалалар (Open) жене қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілді.
Біріншіліктің ашылу рәсімі 1 мамырда Regional Sports Village of Callao ғимаратында болып, оған Перу спорт институтының (IPD) директоры Гидо Флорес жане Перу Білім министрі Морган Керо қатысты. Чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия жане Моңғолияны қосқанда, 26 елден 1174 жас шахматшы қатысты.