Астаналық мұғалім шұңқырға түсіп кеткен оқушыны құтқарып қалды

Астаналық мұғалім мен тағы бір тұрғын шұңқырға түсіп кеткен баланы байқап, оны құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде баланы шұңқырдан шығарып алған сәт түсірілген видео жарияланды. Оқиға 15 желтоқсан күні таңертең болған.

Таңғы сағат 7:00-де менің әріптесім Роза Х. және өтіп бара жатқан бір азамат үйіміздің жанында орналасқан “Женева 2” тұрғын үй кешені маңындағы шұңқырдан бір қыз баланы алып шықты. Ол өздігінен шыға алмаған. Таңертең сабақтардың тоқтатылғанына қарамастан, бала мектепке бара жатқан. Қатты тоңып қалған, адамдар көмектесіп, шұңқырдан шығарып алды, – деп жазды Сәуле Нұрпейісова есімді мұғалім инстаграм парақшасында.

Видеоны жариялаған ұстаз аялдама маңындағы шұңқырды ашық қалдырған кім екенін сұрай келе, осындай батыр жандардың «Женева 2» тұрғын үй кешенінде тұратынын айтты.

Қатты боран мен көктайғақ болды, біз өзіміз жұмысқа әрең жеттік. Адамдар дұрыс әрекет етті, бірақ мұндай жағдайлардың мүлде болмағаны дұрыс еді, – дейді ол.

Еске салайық, ауа райына байланысты Астана қаласында бүгін де бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы