Астаналық ер адам автобустағы балағат сөздері мен агрессивті әрекеті үшін 15 тәулікке қамауға алынды
Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында 51 жастағы ер адамды анықтады.
Астанада 51 жастағы ер адам қоғамдық көлікте балағат сөз айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға видеоға түсіп қалып, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған. Бейнежазбада жолаушы автобустың ішінде агрессивті түрде сөйлеп, балағат сөздер айтқаны көрінеді.
Осыдан кейін полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны "Алматы" ауданы полиция басқармасына жеткізген.
Тергеу нәтижесінде ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық және қоғамдық орындарда балағат сөз айту заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
- Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартады – адвокат 17:13
- Лицензия, қаржыландыру және инвестиция: «Ақ жолда» жекеменшік медицинаның мәселелері талқыланды 16:55
- Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті 16:53
- Ертеңгі басты сайлауалды дебатты ОСК бақылайды 16:35
- «Түлектерге уақыт берілуі керек»: Саясат Нұрбек грантты өтеу туралы айтты 16:20
- ОСК: Бүгіннен бастап сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады 16:12
- Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен ер адамның отбасы мәлімдеме жасады 16:01