Астаналық азаматтан 2 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
Ақмол облысы Бурабай ауданының полиция басқармасына Астана қаласының тумасы бопсалау фактісімен жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап жазды.
Өтініш берушінің айғақтары бойынша, елорда тұрғыны оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату қаупімен 2 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалаған.
Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Бурабай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің ақшалай қаражатты беру кезінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтады.
Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ASTANA RUN: елордада жүгіру маусымы ашылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы