Астаналық әйел танысының көлігі мен 23 млн теңгесін ұрлап кеткен
Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.
Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.
Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке болған.
52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы