Астаналықтардың назарына!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөліктің барлық түрлері үшін барлық трассалар (Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыттарынан басқа) жабылғанын хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батысқа жел және бұрқасын соғады.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға және қырағы болуға, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді. Трассаларды жабу туралы ақпаратты "112" қызметі СМС хабарламалар арқылы SmartAstana қосымшасында, сондай-ақ "112-Nur-Sultan" Телеграмм-арнасында жібереді.

Құрылыс нысандарына халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдау, мүмкіндігінше құрылыс нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектеу қажет.

Желдің күшеюі кезінде. Егер Сіз қатты желде көшеде болсаңыз, сенімді үй-жайға жасырынуға кеңес береміз. Үй қабырғаларының жанында қатты желден жасырынуға болмайды, өйткені шатырлар мен басқа да жабындық материалдар құлауы мүмкін. Қандай жағдай болса да, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама қалқандарына, аяқталмаған ғимараттарға, ағаштардың астына жасырынуға тырыспаңыз. Қатты жел кезінде электржелілерінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Дауылды желдер кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электржелілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының дұрыстығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құрал-саймандарды дайындау қажет.  Пәтердегі электржелісі кернеуінің өзгеруінде барлық тұрмыстық электр құралдарын дереу тоқтан ажыратып, электр кенеттен қосылғанда өрт болмайтындай розеткадан  тоқты суырып алыңыз - делінген хабарламада.

Боран кезіндегі халықтың іс-әрекеттері:

Егер сіз ғимаратта болсаңыз:

- Тек ерекше жағдайларда ғана ғимараттан шығыңыз.

- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.

- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.

Егер сіз жолда болсаңыз:

-  Үлкен жолдар мен тас жолда ғана жүріңіз.

-  Машинадан шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.

- Машинаның ақаулығы болса немесе жол көрінбесе: жолдың жиегіне тоқтаңыз;

Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты(капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы