Астаналық емханада психологиялық тренингтер ұйымдастыру орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №14 қалалық емханада ресурстық орталық негізінде ата-аналар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру орталығы және босануға дайындық мектебі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ресурстық орталықтың міндеттері – сәбиді 6 айынан бастап қосымша тамақтандыру жолдарына дұрыс үйрету, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес саналы ата-ана ұғымын қалыптастыру мақсатында ата-аналар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру.


«Босануға дайындық мектебі» қызметінің негізгі бағыттары: жүкті әйелдерді босану техникасына оқыту, әкелері мен жақындарын бала тууға және босануға психологиялық тұрғыда дайындау, ана болуды үйрету, жүктілік кезінде әйел ағзасының анатомиясы мен физиологиясы бойынша танымдық тренинг өткізу.

Мұндай кабинеттер салауатты қоғамның негізі ретінде «саналы ата-ана» қағидатын үйретуге жәрдемдеседі. Осындай кабинеттердің бізде ашылғанына қуаныштымыз, - дейді №14 емхананың директоры Ерлан Мусенов.

Аталған іс-шара Іскер әйелдер кеңесінің және «Ақниет» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті.


Мұндай орталықтар 2020 жылдан бастап басқа қалалық емханаларда да ашылып келеді. Олардың әрқайсысында консультациялар, әңгімелер және оқыту шеберлік сыныптары өтеді. Демеушілер кабинеттерді қажетті жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, тұрмыстық техникамен, ойыншықтармен, ерте жастағы балалардың танымдық саласын дамытуға арналған заттармен және қолдың ұсақ моторикасымен жабдықтауды жүргізеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы