Астаналық қыз-келіншектер 8 наурызда қоғамдық көліктерде тегін жүреді

Астана, BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күні барлық қыз-келіншектер үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлады «Aстана LRT» компаниясының баспасөз қызметі.

Мұндай акция елордада алғаш рет өткізілгелі отыр. Осылайша қала басшылығы бикештерді мерекемен құттықтамақ.

«Ертең, 8 наурызда қоғамдық көліктер әйелдер қауымы үшін тегін қызмет көрсететін болады», - деп хабарлады «Aстана LRT» компаниясы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы