Астаналық филармония Бірлік күні тікелей эфирде онлайн концерт береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ынтымақ мекені» атты онлайн концерт көрсетеді. Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл – Қазақстан халқының достығы мен келісімін насихаттайтын, әрдайым мерекелік концерттермен үлкен көлемде аталып өтетін ерекше мереке. Түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен жасампаздығы – еліміздің басты құндылығы, ал бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізі. Елімізде карантиндік жағдай, бірақ астаналық филармония әртістері соған қарамастан шығармашылық қызметтің жаңа жолдарын іздестіруде. Олар осы тамаша мерекеде халықты 1 мамыр күні сағат 18:00-де тікелей эфирде өздерінің қойылымдарымен қуантуға дайын, - делінген хабарламада.

Концерт филармонияның инстаграм желісінде (@astana_filarmoniya), facebook және YouTube каналында көрсетіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы