Астанаға жылу қашан берілетіні айтылды

Бұл сауалға Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, жылу беру маусымы Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес басталады. 

Атап айтсақ, сыртқы ауа температурасының белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы 10 градус және одан төмен болса жылыту маусымы басталады деген сөз, - деді Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы