Астанаға өзге елден келген азаматтардан қызылша анықталды
Елордаға келген 12 шетел азаматынан қызылша анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар Египеттен, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан және Тайландтан келген. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова айтты.
Дәрігердің сөзінше, биыл елімізге клиникалық белгілері бар басқа елдерден және өңірлерден келген азаматтар туралы 11 ақпарат келіп түскен. Ал Тайландтан келген Ресей азаматында «Денге» безгегі анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы