Астанаға көшіп келушілер санын шектеу керек пе? Жеңіс Қасымбектің жауабы

2030 жылы елорда тұрғындарының саны 2 млн адамға жетеді. Қалаға инженерлік инфрақұрылымды және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту керек. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанаға жаппай көшуді тоқтату қажет деген ой айтылды. Мұндай пікірдің айтылу неге байланысты? - деп қойды сұрағын БАҚ өкілі.

Қасымбектің айтуынша, урбаницазия - әлемдегі тренд.

Бұл - елорда. Біз - унитарлы мемлекетпіз. Қазақстанның халқы басқа өңілерден көшіп келсе, онда ешқандай шектеу болмайды, болмайды да. Иә, соншама адам келіп жатыр. Сол азаматтарды қабылдау үшін Астанада сапалы инженерлік инфрақұрылымды және әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау керек. Халық келіп жатыр, мектеп пен әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жылу мен су мәселесі толығымен шешілген жоқ. Сондықтан дайындалуымыз керек, - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы