6 Қыркүйек 2025 2025, 12:21 Фото: BAQ.KZ

Астанаға Конго президенті келеді

Елордаға келесі аптада Конго Демократиялық Республикасының көшбасшысы келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордаға келесі аптада Конго Демократиялық Республикасының көшбасшысы келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді, - делінген хабарламада.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланады.