Астанаға Иордания королі ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанда Иорданияға ресми сапармен барған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы